Алматы ауруханасындағы тарақандар мен егеуқұйрықтар туралы видео - ФЕЙК

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ауруханасында тарақандар мен егеуқұйрықтар жүгірген видео монтаждалған әрі фейк. мәлімдемені №7 аурухананың ұжымы алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Instagram желісіндегі видео көпшіліктің талқылауына түсті.

№7 аурухананың баспасөз қызметі бұл видеоның шындыққа жанаспайтындығын айтты.

«Бұл жалған ақпарат. №7 аурухана ұжымының атынан болуы мүмкін емес. Видео монтаждалған. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Тапсырыспен жасалған. Қай жылы түсірілгені де белгісіз. Тарақандар тұрғын үйде тұрған аквариумда тұратын сияқты. Ақ егеуқұйрықтар да зертхананың үйретілген жануарларына ұқсайды. №7 аурухананың операциялық қана емес барлық бөлмелерінде санитарлық эпидемиологиялық талаптар сақталады. Стандарттарға сәйкес барлық дезинфекциялық шаралар жүргізіледі», - деді басүпасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар