+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматы ауруханасында жанжал шығарған ер адамның кім екені анықталды

2021 жылғы 27 қыркүйек 14:45
Бөлісіңіз:
Алматы ауруханасында жанжал шығарған ер адамның кім екені анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Полиция департаменті жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімінде жанжал шығарған мас адам туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жол апатынан 6 адам қаза болды Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті Қызылордада жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

27 қыркүйекте түнгі сағат 00:30-дар шамасында 1997 жылы туған азамат мас күйде қалалық жедел медициналық көмек ауруханасының аумағында қоғамдық тәртіпті бұзып, бөтеннің мүлкіне зиян келтірді.

«Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті ұсталды. Тергеу басталды», - деп хабарлады полициядан.

Ш. есімді азаматтың құқық қорғау органының қызметкері емес және құқық қорғау жүйесіне қатысы жоқ екендігі анықталды.

«Қазіргі уақытта ол еш жерде жұмыс істемейді, бұған дейін әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған»,- деп атап өтті қалалық полиция департаментінен.

Еске салайық, мас адамның әрекеті әлеуметтік желіде тараған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT