+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Алматы ауруханаларында 600-ге жуық дәрігер жетіспейді

2021 жылғы 2 наурыз 18:03
Бөлісіңіз:
Алматы ауруханаларында 600-ге жуық дәрігер жетіспейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында 2020-2025 жылдары қалада денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру қорытындысы, ана мен бала өлімін азайту, кадр тапшылығын шешу және алдағы кезеңдегі міндеттер туралы мәселелер қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада вакцинация қалай жүріп жатыр Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда СҚО-да 29 адам құтырмаға қарсы екпе алды

Алматының медицина ұйымдарына 2 млн астам адам тіркелген, оның 28,5% - 18 жасқа дейінгі балалар.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қоғамдық денсаулық басқармасына бағынышты 74 медициналық ұйым,13 республикалық және 90-нан астам жеке медициналық мекеме көрсетеді.

Алқа жиынында аталып өткендей, денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеті медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 24 көрсеткіштер мен индикаторлардың 21-і бойынша жоспарлы мәндер іске асты.

Осыған орай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2021 жылы көрсеткіштер мен индикаторларға қолжеткізу бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ жалпы өлімді азайту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды тапсырды.

Әсіресе, ана мен сәби өлімінің алдын алуға ерекше назар аудару керек.

Сонымен бірге, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, әйелдер консультациясы мен босануға көмектесетін ұйымдардың жұмысы күшейтіледі.

Бүгінде мегаполистің мемлекеттік медициналық ұйымдарында 6 мыңнан астам дәрігер мен 13 мыңға жуық орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Инфекциялық стационарлардың, көпбейінді клиникалардың және отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың қарқынды салынуы кадр тапшылығының өзекті мәселеге айналғанын көрсетуде.

Қаланың медицина ұйымдарына шамамен 590 дәрігер – анестезиологтар, пульмонологтар, кардиологтар, невропатологтар мен 300-ге жуық орта буын маман қажет.

Алдағы жылдары жаңа ауруханалар мен емханалардың ашылатынын ескере отырып, қала әкімі Б. Сағынтаев кадр тапшылығын төмендету бойынша жалпықалалық жоба қабылдауды тапсырды.

Іс-шаралар жоспарында түлектерді жұмысқа орналастыру және медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру ісіне жоғары оқу орындары мен колледждерді тарту керектігі көрсетілетін болады.

Ынталандыру тетіктері, оның ішінде KPI бойынша бағалау, үстемақы және әлеуметтік қамсыздандыру, жеңілдетілген қалалық бағдарламалар бойынша тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктері қарастырылған.

Алқа жиынында қаланың денсаулық сақтау жүйесін таяу арада дамытудың міндеттері айқындалды.

Кездесуді қорытындылаған Алматы әкімі Б. Сағынтаев осынау игі мақсаттарды жүзеге асыруда қала тарапынан толық қолдау көрсетілетінін атап өтті, өйткені әкімдік жұмысындағы ең басты бағыт - қала тұрғындарының денсаулығы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT