Алматы аулаларында қосымша 1600 камера орнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл соңына дейін 350 аулада қосымша 1600 бейнекамера орнатылады. Бұл туралы қалалық ІІД атқарған жұмыстың жартыжылдық қорытындысын талқылау барысында мәлім болды.

Қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаевтың айтуынша, биыл адамдар көп шоғырланған жерлер – саябақ, алаң, үй аулалары, мәдениет, білім, спорт нысандары маңайын бейнебақылауға алу күшейе түспек.

Қазіргі таңда 568 аулада 5653 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жыл соңына дейін осындай қауіпсіздік құралымен 350 аула қамтылып, қосымша 1600 бейнекамера орнатылады.

«Полиция қызметкерлерінің жұмысын тексеру мен қала көшелеріндегі қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында Алматыда автоматтандырылған бақылау жүйесі орнатылған. Бұл шара өзінің тиімділігін көрсетті. Қазіргі таңда жол қозғалысы ережесін бұзу 1,6 есе азайды»,- деді кеңесте қала әкімі Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, бүгінгі жиын барысында қалалық ІІД басшылығы алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыс қорытындысы туралы әкімге есеп берді.

Соңғы жаңалықтар