Алматы әуежайының президенті ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайының президенті ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) мәлім етті.

«2021 жылғы 14 қыркүйектегі Директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы органның құрамына келесі өзгерістер енгізілді: Призидент Эркал Кадри Мете шығарылды; Алп Ер Тунга Ерсой – президент болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде.

Еске салайық, сәуір айында TAV Airports (Groupe ADP құрамына кіреді) компаниясы сатып алуды аяқтап, елдің экономикалық астанасында орналасқан Қазақстанның ең көп жұмыс істейтін әуежайы – Алматы қаласы әуежайының операциялық қызметін басқаруды өз мойнына алған болатын.


Соңғы жаңалықтар