Алматы әуежайының қызметкерлері желідегі видеодан кейін жазаланды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Алматы халықаралық әуежайы қызметкерлерінің жолаушылар жүгін ұқыпсыз түсіріп жатқаны көрсетілген видео тарап жатыр. Бұған қатысты әуежайдың баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі пайдаланушысы Алматы әуежайында жүк тиеушілердің жүкті лақтырған видеосын жариялады.

Әуе айлағының баспасөз қызметі ұшатын рейстердің бірінде жүкті (жолаушылар багажын емес) тиеу талабы бұзылғанын растады.

«Жүкті абайсыз тиеген қызметкерлер тәртіптік ескертулер алды. Мұндай қатеге жол бермеу үшін әуежайдағы барлық жүк тиеу қызметкеріне нұсқау және жүкті дұрыс сұрыптау бойынша жадынамалар берілді. Жүкті тиеу процедурасының дұрыстығын бақылау үшін қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.



Видеодан алынған кадр





Соңғы жаңалықтар