Алматы әуежайының экс-президентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайының экс-президенті Айбол Бекмұхамбетовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тағайындаған бұлтартпау шарасын өзгертті. Бұған дейін күдікті 2 айға қамауға алынған болатын.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сот бұлтартпау шарасын кепілге өзгертті. Кепіл мөлшері 3500 АЕК деп бағаланды.

Айбол Бекмұхамбетовке ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша айып тағылып отыр.

Соңғы жаңалықтар