Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 352.54 EUR 415.15
RUB 5.31 CNY 51.53
Жаңалықтар

Алматы әуежайындағы таксишілерге 1 млн 700 мың теңге айыппұл салынды

2017 жылғы 10 қараша 14:17 916
Бөлісіңіз:
Алматы әуежайындағы таксишілерге 1 млн 700 мың теңге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайына келген жолаушылардың мазасын алған  таксишілерге 1 млн 700 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция Алматы әуежайындағы тәртіпті қадағалау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Әуежайға кіреберісте тәртіп қадағалайтын полиция қызметкерлерінің саны артты. Нысан басшылығымен тұрақты орны жоқ болған жағдайда кіруге рұқсат бермеу керектігі талқыланды. Сыймаған көліктер жабық паркингке қойылуы тиіс», - деді Түрксіб аудандық ІІб жергілікті полиция қызметінің өкілі Фархат Сбанбаев.

Жыл басынан бері жолаушылардың мазасын алған таксишілерге қатысты  ҚР ӘҚК 449-бабы бойынша 151 хаттама толтырылған. Оларға 1 млн 713 теңге айыппұл салынды.

Бұл баптың екінші бөлімімен 12 тұлға жауапқа тартылды.

 

 


Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат