Алматы әуежайындағы «өртеніп жатқан ұшақ» сөндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы «төтенше жағдайға» байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежайдың оқу жаттығу полигонында «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ іздестіру және ұшуларды апаттық құтқару қызметінің базасында жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, құтқару командалары жерге төгіліп, өртенген жағармайды сөндірді.

«Біз командалардың бірлігін, өртті өшіру дағдысын тексеріп жатырмыз. Адамдарды төтенше жағдай кезінде қалай көшіру керектігін тексердік. Осыған байланысты әуежай уақытша жабық тұр», - деді қызмет басшысы  Марат Закиров

Айта кету керек, бүгін алматылықтар әуежайда өртеніп жатқан ұшақты көріп, әлеуметтік желіде бөлісе бастаған еді.

Соңғы жаңалықтар