Алматы әуежайындағы оқиға жолаушыларды шошытты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында естілген жарылыс жолаушыларды шошытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай туралы қалалық әуежайдың баспасөз қызметінен хабарлады.

Тарс еткен дыбыс Халықаралық әуежайдың телекоммуникациялық құрал-жабдығы орналасқан  бөлімнен шыққан.

«Бөлімде өрт сөндірудің газ жүйесін тестілеу кезінде тарс еткен дыбыс шықты. Тестілеу жұмыстарын қызмет көрсету компаниясының өкілдері жүргізген.  Жүйені іске қосқан кезде ауада қатты тарс еткен дыбыс етілді. Бұл дыбыс  терминалдағы жолаушылардың назарын бірден аударды», - деді әуежайдың баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген.

Алматы Халықаралық әуежайы мен мердігер компания өкілдері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар