Алматы әуежайында жаңа ұшып-қону алаңы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Алматы халықаралық әуежайында жаңа ұшып-қону алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрынғы ұшу-қону алаңы мамыр-қараша айлары аралығында қайта жөндеуден өткен болатын. Енді жаңа нысандар ұшақтарды түрлі жағдайда қабылдап, ауа райына қарамастан аэродромның жұмыс істеуін қамтамасыз етпек.

Алаңның ашылуына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

null 

Жеке  инвестиция есебінен жолға сапалы материал төселді. Жылдамдықты екі жаңа жол салынды, жарық сигналының жаңа жүйесі орнатылды, электр жабдықтары толық алмастырылды. Немістер жасаған жарық сигналының жаңа жүйесі ИКАО-ның «III B» категориясының талаптарына сай және ұшақтарды көру мүмкіндігі шектеулі кезде де қабылдай береді. Соның арқасында Алматы аэродромына ауа райы еш әсер етпейді.

null 

«Бұрын  ірі тасымалдаушылар тұманның салдарынан қона алмай, 7,5 млн долларға дейін шығынға ұшырайтын. Бұл мәселе енді шешілді. Оның үстіне, аэродромда қар тазалайтын  машиналалар дайын, олар кеңдігі сегіз метрлік қар тазалағыштар,  мұзға қарсы техникалардың 1,5 жылдық  млн литр қоры бар, сонымен бірге әуе жолақтарын  мұздан қорғайтын  құрғақ қоспалар - реагенттер де жеткілікті. Біздің міндетіміз сапаны арттырып,  сервисті жақсарту. Әуежай қысқы навигацияға толық дайын», - деді Алматы халықаралық  әуежайының президенті Айбол Бекмұхамбетов.

null 

Айта кету керек, әуе жолақтарының арқасында жұмыс тиімділігі де артып, әуе кемелерін қабылдау жақсарды. Келер жылы аэродромда сағатына 24  ұшып-қону операциясын жасауға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Алматыда әуежайы маңына жақын орналасқан  Бейімбет Майлин көшесінде Кіші Алматы өзенінің үстімен өтетін көпір пайдалануға берілді.

null null null 

Салынғанына 50 жылдан асқан нысан апатты жағдайда болатын.

Көпір конструкцияларын жаңарту барысында құрылыстың темірбетон қондырғылары толық жаңарып, монолитті темірбетон плиткалары орнатылды, көпір тіректері алмастырылды, инженерлік желілер қайта  салынды.

null null

Фото: Владимир Третьяков

Соңғы жаңалықтар