Алматы әуежайында ұшу кестесі қалпына келді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуежайында ұшу кестесі қалпына келді. Бұл туралы Air Astana компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыдан ұшу кестесі қалпына келді. Бірақ, бұл эстафеталық кешігулерді тудырды. Ұшақ бір ғана рейсті емес, одан кейінгі рейстерді кешіктіріп орындауға мәжбүр», - деді Air Astana компаниясының реси өкілі Тілек Әбдірахимов.

Айтуынша, Алматыдан ұшуы керек болған 10 рейс кешіктірілді. Жалпы, интернет ақауы сирек кездеседі.

Еске салайық, бүгін 28 қыркүйек күні сағат 4:00 шамасында Алматы және Атырау қалаларында интернет-провайдер жұмысынан ақау шығып, салдарынан екі қаланың әуежайында интернет дұрыс жұмыс істемеді.

Байланыс болмаған соң қызметкерлер рейске тіркеу жұмысын қолмен жүргізген. Бұл Алматы қаласында таңғы әуе рейстерінің орташа алғанда 1,5 сағатқа кешігуіне алып келді.


Соңғы жаңалықтар