Алматы әуежайында ұшақтарға жанармай құю шектелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайы авиациялық жанар- жағармай тапшылығына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы халықаралық әуежайының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейсіне жанармай құю көлемін шектеу және бірреттік чартерлік рейстерге жанармай құюды тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар Қазақстандағы авиациялық жанармай тапшылығына байланысты қабылданды»,- деді Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің жетекшісі Найля Жабагина.

Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елорда әуежайы мен «СКАТ» әуе компаниясының авиаотын жетіспеушілігіне қатысты мәлімдемелеріне пікір білдірген болатын.


Соңғы жаңалықтар