Алматы әуежайында ұшақ жолақтан шығып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында «Эйр Астана» компаниясының Алматы-Бангкок бағытындағы КС 931 рейсі ұшағы ұшу жолағынан шығып кетті. Төтенше жағдай салдарынан бірнеше рейстің кестесі бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы-Бангкок бағытындағы рейс ұшағы дөңгелектердің жер бетімен үйкеспеуінің кесірінен қозғалтқыштардың реверс күшімен жолақ сыртына шығып тоқтауға мәжбүр болды. Ұшақтың тежегіш жүйесі істен шыққан жоқ. Әуе кемесі арнайы техниканың көмегімен тұраққа қойылды. Техникалық қараудан соң ұшақты ары қарай пайдалану мүмкіндігі қарастырылады», - деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бангкокке жетуі тиіс жолаушылар басқа әуе кемесімен 7:35-те ұшып кетті. Бұл төтенше жағдай  бірқатар рейстер кестесінің бұзылуына себеп болды.

Астана әуежайының онлайн таблосында көрсетілгендей, қазір елордадан 11 рейс уақытынан кешігіп отыр. Ал Алматы әуежайында да 10 жуық рейс кешігіп, 4 рейс тоқтатылған.

Әуе компаниясы жолаушыларға airastana.com сайты арқылы рейстердің мәртебесін бақылап отыруға кеңес беріп отыр.

Соңғы жаңалықтар