Алматы әуежайында ұшақ апатты жағдайда қонды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайныда «SCAT» әуе компаниясының ұшағы қонып келе жатқанда артқы бөлігі жерге тиіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «26 шілдеде Алматы әуежайында екінші шеңбер жасау кезінде Хургада - Алматы бағытындағы  5038 рейсі ұшағының артқы бөлігі ұшу-қону жолағына тиіп кетті. Оған қарамастан ұшақ сәтті қонды», - деді әуе компаниясынан.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Әуе тасымалдаушысы штаттық режимде жұмыс жасап тұр.

Соңғы жаңалықтар