Алматы әуежайында Түркиядан жалған құжатпен ұшып келген әйел ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында Ресейдің жалған төлқұжатын ұсынған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы халықаралық әуежайында шекарашылар «Ыстанбұл-Алматы» бағытымен ұшып келген ТК-350 әуе рейсін ресімдеу барысында, тексеруге қолдан түзетілген төлқұжат ұсынған әйелді ұстады. Өте шеберлікпен түзетілген төлқұжаттың жалған екендігін арнайы аппарат анықтамағанда, жай көзбен танып-білу мүмкін емес еді», - делінген хабарламада.

Төлқұжат бойынша, ұсталған Ресей азаматшасы болатын. Алайда, тексеру барысында шекарашылар оның өзбекстандық екендігін анықтады.

Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік шекара туралы» заңының 19- бабы 10-тармағына сәйкес, ұсталған әйел азаматтығы бойынша өз еліне депортацияланды.

Соңғы жаңалықтар