+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Алматы әуежайында туристік полиция бекеті пайда болды

2019 жылғы 16 тамыз 10:52
Бөлісіңіз:
Алматы әуежайында туристік полиция бекеті пайда болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында туристік полиция бекеті ашылды. Онда, бірнеше шет тілін меңгерген полиция қызметкерлері жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін, туристік полиция бекеттері мегаполистің көрнекті жерлерінде ашылған болатын. Атап айтсақ, «Астана» республика алаңы, «Медеу» спорт кешені, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы және Көктөбе саябағында.

«Ішкі істер органдарын реформалау, сондай-ақ, жол картасы мен туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бірнеше ай бұрын ІІМ-де туристік полиция бөлімшесі құрылды. Мақсат – Қазақстанның халықаралық беделін және туристік тартымдылығын арттыру. Біздің департаменттің құрылымында көші-қон қызметінің негізінде туристік полиция құрылды. Бүгінгі таңда жаңа құрамда 20-дан астам адам бар. Бұл арнайы полиция қызметкерлері, олар кәсіби шеберліктері мен қызметтік дағдыларымен қатар бірнеше шет тілдерін меңгерген, атап айтқанда, ағылшын, француз, қытай және т.б. тілдерде сөйлейді. Білімдерін жетілдіру мақсатында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде туристік полиция офицерлері үшін қосымша курстар ұйымдастырылуда. Бөлім білікті кадрлармен толық қамтамасыз етілген «, - деді Алматы ПД бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.

Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайында полиция бекеті құрылды. Мегаполиске келген шетелдіктер полицияға қызметкерлерінің көмегіне жүгіне алады. Қажет болған жағдайда, анықтамалық сипаттағы ақпаратты береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Туризм, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT