Алматы әуежайында тұманға байланысты əуе рейстері кешігіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы əуежайында ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы нысанның онлайн-таблосында көрсетілген.

Атап айтқанда, Астана мен Үрімшіге баратын рейс ұшпайтын болды. Үрімшіге ұшатын басқа рейс бөгеліп жатыр.

Астанадан, Атырау, Женевадан, Лондон мен Үрімшіден келетін рейстер уақытынан кешігуде. Астана мен Үрімшіден келетін кей рейстерге тыйым салынды.

Ұшақтардың ұшу уақыты 30 минуттан 6-7 сағатқа дейін кешігеді.

Соңғы жаңалықтар