Алматы әуежайында тәулігіне 1200 адам Зика безгегіне тексеруден өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында Зика безгегінің өршуіне байланысты әуе көліктері мен жолаушыларды санитарлық тексеру күшейтіліп жатыр. Атап айтқанда тәулігіне 1200 адам, 11-12 рейс байланыссыз термометрмен тексеріліп жатыр.

Бұл туралы қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің көліктегі басқармасы басшысының орынбасары Болат Байділдаев айтты.

«Қазір тәулігіне 11-12 рейс тексеріледі. Аға бортсеріктен рейстегі адамдардың денсаулығы туралы ақпарат алынады. 1200 жолаушы арнайы құрылғыдан өтеді. Күдік туғызған жолаушылармен жұмыс жасаймыз. Көбіне эпидемиологиялық ахуал өршіп тұрған Латын Америкасы елдерінен келетін туристердің денсаулығы қатаң бақылауда. Әзірге бірде-бір жағдай тіркелген жоқ», - деді Б.Байділдаев.

Алматы қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Әбдіжаббарованың айтуынша, Алматыда Зика безгегінің жұқпасы таралмауы үшін туристік фирмалар арқылы тропикалық елдерге баруға жоспарлаған адамдарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар