Алматы әуежайында шу шығарған жолаушы рейстен алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында «Алматы-Астана» бағытында ұшқалы тұрған Air Astana рейсінің уақыты бөгелді. Бұған жолаушының шу шығаруы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп бұзған жолаушы деструктивті әрекеті үшін рейстен алынып тасталды.

Сонымен қатар, Алматы-Атырау бағытындағы КС885 рейсі жоспарланған резервтегі ұшақтардың жоқтығынан бөгеліп ұшты.

Алматы-Бангкок бағытындағы КС931 рейсінің ұшағынан техникалық ақау табылған соң, орнына басқа ұшақ ауыстырылды. Соның кесірінен аталған рейс уақытынан кешігіп ұшты.

Сондай-ақ, Scat әуе компаниясының Алматы-Өскемен  бағытындағы DV725 рейсі, Алматы-Қостанай бағытындағы DV729 рейсі, Алматы-Шымкент бағытындағы DV706 рейсі ұшақтың кешігіп келуіне байланысты бөгелді.

Қазір Алматы әуежайында вертикалды көрініс 1100 м, горизонтальды көрініс  10 000м. Ұшақтарды қабылдап, ұшыруға шектеу жоқ.


Иллюстративное фото из открытых источников

Соңғы жаңалықтар