Алматы әуежайында санитарлық нормалар қалай бақыланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық арнайы мониторинг топ жетекшісі Айгүл Соловьева және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы республикалық арнайы мониторинг топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов Алматы халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуына кезекті мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполис аумағындағы қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы күн сайын бақыланып отыр. Олардың қатарында Алматы халықаралық әуежайы да бар.

Мегаполис әуежайында жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді алдын алу шаралары жүзеге асырылды. Терминалға кірген кезде дене температурасын міндетті түрде өлшеу жүргізіледі. Әуежай қызметкерлері бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң бақылайды. Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылған. Әрбір рейстен кейін ғимараттар мен перрондық автобустарға күшейтілген дезинфекция жүргізіледі.

Келушілерді хабардар ету мақсатында адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтық белгілері көрсетілген, күту залындағы орыдықтар шахматтық тәртіппен белгіленген.

Әуежайда санитарлық нормалардың сақталуын мониторингілік топтар бақылайды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық арнайы мониторинг топтың жетекшісі Айгүл Соловьева және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы республикалық арнайы мониторинг топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов Алматы халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуына кезекті мониторинг жүргізді.

«Біз Алматы әуежайы қолданатын барлық алгоритмді қадағаладық. Бірінші кезекте, маска режимі мен санитарлық нормалардың сақталуын тексердік», - дейді Айгүл Соловьева.

Сонымен қатар, ол қала тұрғындары көбірек жауапкершілік танытып, саналы түрде Қазақстан аумағына қайтып келгенге дейін алдын ала ПТР тестілеуден өтуі тиіс екенін тілге тиек етті.

Инспекциялау барысында мониторинг топ мүшелері халықаралық авиарейстерге келетін жолаушылардың қозғалыс маршрутымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес Қазақстанға келгендердің барлығында ПТР-коронавирустың жоқтығы туралы анықтама болуы тиіс, ол берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспауы керек. Анықтама болмаған жағдайда келген ҚР азаматтары ПТР әдісімен COVID-19 - ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшаулануға жатады, ал шетелдік азаматтар депортацияланады.

«Біз Алматы қаласы бойынша осындай мониторингті тұрақты түрде жүргізіп отырамыз. Біз әуежайға барып, коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қала басшылығымен бірлесіп енгізілген жаңалықтармен таныстық»,- деді Рафаэль Гасанов.

Айта кетер болсақ, 9 ақпанда Алматы әуежайына 1 524 жолаушысы бар 8 халықаралық әуе рейсі келді. Олардың ішінде 1 303 жолаушының анықтамасы бар, 221 адамның анықтамасы болмай шықты.


Соңғы жаңалықтар