Алматы әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаланың халықаралық әуежайында санэпид бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.2021 ж. № 13 қаулысына сәйкес Қазақстанға ұшып келу кезінде ПТР нәтижелерінің болуы міндетті. Мәселен, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы депортацияланды»,-деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Айта кетерлігі, қалалықтарды COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау қарқынды жүруде.

«4 мамырдағы жағдай бойынша екпені 226 258 адам алды, оның ішінде 4 878 полиция қызметкері, 18 210 педагог, 24 391 дәрігер. Егілгендердің жалпы санын 60 жастан асқан 30 256 адамды құрайды», -дейді эпидемиолог.

Сонымен қатар, ол халықты коронавируске қарсы екпе алуға шақырды.

«Алматылықтарың екпе алғандары жөн, бұл ағзаны коронавирустық инфекцияның ауыр ағымынан қорғауға, сондай-ақ мегаполисте ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОО-да 211 егу пункті жұмыс істейді. Оған 1809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы жұмылдырылған,-деді ол.


Соңғы жаңалықтар