Алматы әуежайында Рио олимпиадасының жеңімпаздарын салтанатпен қарсы алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін түнде, сағат 01:30-да Амстердам-Алматы рейсімен Олимпиада жүлдегерлері Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах оңтүстік астанамыздың әуежайына ұшып келді.

Спортшыларды VIP-терминал арқылы жүлдегерлердің ата-анасы, достары, БАҚ және қалалық әкімдіктің өкілдері күтіп алды.
«Ұлымның жеңісіне қуаныштымын. Бұл үздіксіз жаттығу мен бапкерлердің еңбегінің арқасы. Елдос 6 жасынан спортпен айналысып келеді. Олимпиадаға қатысу оның арманы болды», - деді Елдостың әкесі Бақтыбай Сметов.
«Жеңісімді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаймын. Осындай құрмет, қошеметпен қарсы алып жатқандарыңыз үшін баршаңызға айтар алғысым шексіз. Бұл жеңісті Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына табыс етемін. Риода спортшыларымызға тек жеңіс тілеймін», - Елдос Сметов.
Олимпиаданың қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те барлығына алғыс айтты.
«Барлығыңызға, қолдау көрсеткендеріңізге рахмет. Олимпиада алтыны менің бұрыннан арманым. Мен оған жеттім. Алға, Қазақстан!»,- деді Галбадрах Отгонцэцэг.


Соңғы жаңалықтар