Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы халықаралық әуежайында рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполис әуежайының онлайн таблосына сәйкес, Алматыдан Таразға, Астанаға, Мәскеуге, Атырауға, Душанбеге, Қостанайға, Өскеменге 10 шақты рейс кешігіп жатыр.

SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тізбекті кешігулер әртүрлі себептерге байланысты. Мәселен, Тараз қаласының әуежайындағы қолайсыз ауа райы рейістердің кешігуіне әкелді. Сондай-ақ Кеше Шымкент қаласының әуежайын басқа тұман күні бойы сақталды. Сол себепті кейбір рейстердің кестесі ауысты.

Жалпы Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті рейс кешіксе, әуе компаниялардан жолаушылар өтемақы талап ете алатынын мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар