Алматы әуежайында рейстер бөгелуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағандықтан, рейстер бөгелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұшу кестесіне қарап, Алматыдан Ақтауға, Нұр-Сұлтанға, Көкшетау мен Оралға жүретін рейстер бөгелгендігін көруге болады. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«Орын алған оқиғаға байланысты ұшу кестесінде аздаған өзгерістер бар», - деді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бүгін Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады.

«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды. Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған», - деді әуежайдың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар