Алматы әуежайында полиция қызметкерлері «жарылғыш затты» іздеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазір әуежай маңайы толық қоршалған. Жолаушылар мен терминал қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ақпаратты әуежайда орналасқан желілік полиция басқармасы растады.

«Бұл туралы қоңырау 102 нөміріне түскен. Қазір саперлер жарылғыш затты іздеп жатыр. Әзірге табылмады. Әуежайда бірнеше рейс ұшу, келу мерзімінен кешігіп жатыр», - деді желілік полиция басқармасының кезекшісі.

Соңғы жаңалықтар