Алматы әуежайында ондаған рейс кешігуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс 5-9 сағатқа кешігуде. Бұл туралы «SCAT» әуе компаниясының Фейсбуктағы парақшасында жазылған.

Қарашаның 26-сынан 27-сіне қараған түні оңтүстік астананың аспанын қалың тұман басқан еді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты «SCAT» әуе компаниясының Алматы - Қарағанды - Алматы, Алматы - Өскемен - Алматы, Алматы - Семей - Алматы, Алматы-Жезқазған-Алматы и Алматы - Тараз - Алматы бағытындағы рейстері әуеге көтеріле алмай отыр.

Әуе компаниясы келтірілген ыңғайсыздықтары үшін кешірім өтінуде. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуежайда отырған жолаушыларға тағам таратылған.

Соңғы жаңалықтар