Алматы әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасын ұсынған ресейлік депортацияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасын ұсынған Ресей азаматы депортацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментің мәліметінше, 24 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей Федерациясы, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық әуе рейсі келген.
«1 420 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 328 адам, анықтамасыз 91 Қазақстан азаматы келді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 191 жолаушы, анықтамамен - 184, анықтамасыз – 7 адам келген;
Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 229 жолаушы, анықтамамен – 1 145, анықтамасыз – 84 адам келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантин стационарларына орналастырылды және ПТР талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды. ПТР талдау нәтижесі бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Ресей Федерациясының азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланған.


Соңғы жаңалықтар