Алматы әуежайында мереке күнгі бірқатар рейстер кейінге қалдырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірқатар рейстер кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мереке күндерінің рейстері жаппай ұшпайтын болды. Олардың қатарында 31 желтоқсандағы Ыстанбұл, Астана, Мәскеу, Ташкент, Үрімжі, Сеул, Бейжің рейсі, сондай-ақ 1 қаңтардағы Франкфурт, Атырау, Астана, Мәскеу, Қарағанды, Ыстанбұл, Өскемен, Душанбе, Ташкент, Қостанай, Ақтауға ұшатын және басқа да әуе рейстері бар. Осыған байланысты түсіндіре кетсек, Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режімде істеп тұр, ұшуға ешқандай шектеу жоқ, ал рейстер орындардың толтырылуы аз болуына байланысты әуекомпаниялардың өз шешімдері бойынша тоқтатылып жатыр.

Өз рейстеріңізге қатысты ақпаратты Алматы әуежайының 270-33-33 анықтама нөмірі бойынша немесе өз әуекомпанияңыздан алдын ала нақтылап алуларыңызды сұраймыз», - делінген компанияның Фейсбуктегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар