Алматы әуежайында мас жолаушы мен бармен төбелесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуежайында мас жолаушы мен бармен төбелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл видео желіде жарияланды.
Көліктегі ПД хабарлауынша, бұл оқиға 23 қарашада болған.
«Көліктегі ПД Алматы желілік бөліміне Алматы халықаралық әуежайы аумағында екі адам төбелесіп жатқаны жайлы хабар түсті. Полиция екі адамның кім екенін анықтады. Олар 30-31 жастағы жолаушы мен бармен екені белгілі болды», - деді департамент өкілі.
«Алматы-Ақтау» рейсінің жолаушысы күту залындағы бар үстелінде ұйықтап қалған.
Бармен оны оятқанда жолаушы тұра салысымен дөрекі мінез көрсеткен. Даудың арты төбелеске ұласқан. Залда болған басқада куәгерлер төбелескендерді ажыратып алды.
24 қарашада бармен мен бар иесі полицияға арызданды.
Медициналық куәландыру нәтижесінде жолаушының орта дәрежеде мас болғаны анықталған.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлімімен бұл дерек сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді.
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
- Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз - СІМ
-
Мадридте алапат жарылыс болып, 2 адам қаза тапты
-
Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам