Алматы әуежайында қылмыстық топ Түркиядан контрабандалық алтын өткізбек болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында Түркиядан контрабандалық алтын бұйымдар өткізбек болған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды  ҰҚК баспасөз қызметі.

«2018 жылғы 25 мамырда Алматы халықаралық әуежайында ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мүшелері өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Түркиядан зергерлік бұйымдар контрабандасын жүзеге асырған ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті», - делінген хабарламада.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде олардан 103 миллион теңге сомасына салмағы 13 келіден астам зергерлік бұйым алынды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 234-бабы 3-б. 1-т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар