Алматы әуежайында коронавирустан сақтанудың қосымша шаралары қабылданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚақзАқпарат – Халықаралық Алматы әуежайында коронавирустың таралуын болдырмау үшін қосымша шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметі коронавирустың таралмауы үшін қандай қосымша шаралар жүзеге асырылғанын айтты:

-Қытайдан келген барлық әуе кемелері перронның алысырақ тұрақтарына тоқтап, ұшақтарға міндетті түрде дезинфекция жасалады;

-Қытайдан келген экипаж мүшелері мен жолаушылар тепловизорлар орнатылған бөлек залда арнайы шекаралық бақылаудан өтеді;

-Егер жолаушыдан коронавирус белгілері байқалса терминалда арнайы оқшауландырылған палата құрылады;

-Әуежайда тәулік бойы санитарлық-карантиндік бақылау және қалалық дезинфекция станциясы мамандары кезешілікте отырады;

Еске сала кетсек, 31 желтоқсан күні Қытай билігі елдің орталық бөлігінде орналасқан Ухан қаласында белгісіз аурудың тарап жатқанын хабарлады. Мамандар аурудың қоздырғышын тапты, ол 2019-nCoV коронавирусы.

Қытайдан бөлек ауруды жұқтырғандар Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Японии, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Германия, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия және Малайзияда тіркелді.

Соңғы мәліметтер бойынша Қытайда ауруды жұқтырғандар саны 5974 адамға жетті, оның 132-і өліммен аяқталып, 103 науқас ауруханадан шығарылды.


Соңғы жаңалықтар