USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

2022 жылғы 14 қаңтар 13:47
Бөлісіңіз:
Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көлік полициясы Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қар тазалау жұмыстары басталды Елордада есірткі арнасы жойылды Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Алматы әуежайының келбеті қандай - фоторепортаж

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Талғат Тәліповтың айтуынша, әуежайдағы көлік сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Полицейлер қоғамдық тәртіп пен жүктерді сақтауға, сондай-ақ іздестіруде жүрген тұлғаларды анықтауға баса көңіл бөлуде.

«Жеке құраммен жолаушыларға барынша көмек көрсетуге бағытталған тиісті нұсқамалар жүргізілуде. Авиациялық қауіпсіздік қызметі өкілдерімен бірлесіп, металл іздеу құрылғылары арқылы тексеріс жүргізіліп жатыр. Қазір терминалға кіруге тек ұшатын жолаушыларға рұқсат берілген. Жолаушылар мен олардың жүктері тексеріледі», - деді ол.

Осыған байланысты ол жолаушылардан полиция қызметкерлерінің олардың құжаттарын тексеру кезіндегі әрекеттеріне түсіністікпен қарауын сұрайды.

«Тыйым салынған заттарды сақтау, тасымалдау әрекеті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын атап өткім келеді», – деді Талғат Тәліпов.

Бұдан басқа шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР көші-қон заңнамасы талаптарын сақтауына бақылау күшейтілген.

«Қазіргі уақытта еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсармай, керісінше, күн сайын СОVІD-19 диагнозы расталған тұлғалардың саны артып отырғанын қаперге аламыз. Осыған қарай, азаматтарға әуежайлар мен басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтауларын, жеке қорғану құралдарын қолдануларын сұраймыз», – деп қосты ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT