Алматы әуежайында қала символы пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының әуежайында қала символы – алып алманың мүсіні орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ескерткіштің авторы мүсінші Болат Әбдрахманов. Алып алтын түсті жемістің салмағы 30 келі, диаметрі 1,2 метр, биіктігі 1,4 метр.

«Достар, ұшып келгендер вип залында осындай әдемі қала символы қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Өйткені Алматы - алмалар қаласы! Олар оңтүстік астанада болатын ұмытылмас сәттеріне асығады», делінген Алматы халықаралық әуежайының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар