Алматы әуежайында ер адам заңсыз оқ-дәрі алып өтпек болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда оқ-дәріні заңсыз алып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8-қазанда QazaqAir 353 рейсімен ұшпақ болған жолаушының жүгінен әуежай қауіпсіздігі қызметкері жартылай автоматты атыс қаруының 8 оғын тапқан. Жолаушының басқа да жүктерін тексеру кезінде қауіпті құралдар табылмады», - деді баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайдан соң жолаушы рейстен алынып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар