Алматы әуежайында «Дабыл-Антитеррор-2018» оқу-жаттығуы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының бастауымен Алматы қаласының Халықаралық әуежайы аумағында «Дабыл-Антитеррор-2018» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Міндеттерді пысықтау шеңберінде Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы жедел топтарының дайындығы, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл жасау деңгейі тексерілді.

Әуежай қызметтерімен бірлесіп, кепілдегі адамдарды босату және террористерді залалсыздандыру бойынша арнайы операция жүргізілді. Оның барысында іс-қимыл алгоритмі қосымша пысықталды. null 

Соңғы жаңалықтар