+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы әуежайында бірқатар рейс кейінге қалдырылды

2019 жылғы 10 желтоқсан 11:28
Бөлісіңіз:
Алматы әуежайында бірқатар рейс кейінге қалдырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында бірқатар рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рейстердің кешігуіне әуе кемелерінің кеш келуі, әуежайлардағы қолайсыз ауа райы, әуежайға қосымша техникалық қызмет көрсету және авиакомпаниялар шешімдерінің өзгеруі себеп болуда», - деп түсіндірді ұйымның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ИКАО-ның ІІІ В санатына сәйкес сертификатталған Алматы әуежайы көріну шектеулері талаптарында лайнерлерге қызмет көрсетуге дайын, дегенмен осындай жағдайларда рейсті орындау үшін ұшақ экипажында ИКАО ІІІ В санаты болу керек.

Қазіргі уақытта Халықаралық Алматы әуежайындағы көріну 50/600 метр, тұманға қарамастан ауа температурасы -1 °, әуежай ешқандай шектеусіз қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта келесі рейстер кешіктірілуде:

DV 729 Skat Алматы - Қостанай, 9 желтоқсан күні сағат 23-20- да рейіс, 10 желтоқсан сағат 12-35-ке ауыстырылды Қостанайдың ауа-райына байланысты;

KS 895 Эйр Астана, Алматы - Дубай, 7-40-дан 8-50-ге дейін - кеш келу;

KS 301 Эйр Астана, Алматы - Өскемен, 12-25-тен 16-35-ке дейін техникалық себептерге ауыстыру;

KC 153 Эйр Астана, Алматы - Санкт-Петербург, 8-15-тен 10-10-ға дейін;

DV 725 Skat Алматы - Өскемен, 9-30-дан 10-30-ға дейін - Өскеменнің ауа-райына байланысты.

Осыған байланысты, кестені алдын ала Халықаралық әуежайдың alaport.com веб-сайтынан алдын-ала қарау ұсынылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT