Алматы әуежайында авиарейстердің неліктен кешіккені белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының халықаралық әуежайы бірқатар авиарейстердің кешіктірілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін 16 шілдеде Алматының халықаралық әуежайында рейстердің кешіктірілуіне байланысты, әуеайлақ қалыпты режімде істеп тұрғанын, рейстерді кейінге қалдыру туралы шешімдерді авиакомпаниялардың өздері ғана қабылдайтындықтарын естеріңізге саламыз. Рейстердің кейінге қалдырылуына ұшақтардың жетіспеуі, техникалық себептерге, ұшақтардың кеш келуі немесе резервтегі экипажды көп күтіп қалу секілді жағдайларға байланысты болады», - делінген әуежайдың Facebook-тегі парақшасында жарияланған хабарламада.

Бүгін келесі рейстер кейінге қалдырылды:
AirAstana авиакомпаниясының «Алматы - Нұр-Сұлтан» КС 853 рейсі ұшақ жеіспегендіктен сағат 13.50-тен 14.30-ге ауыстырылды;
AirAstana авиакомпаниясының «Алматы – Анталья» КС 915 рейсі техникалық себепке байланысты сағат 09.45-тен 16.50-ке ауыстырылды;
AirAstana авиакомпаниясының «Алматы - Нұр-Сұлтан» КС 995 рейсі техникалық себепке байланысты сағат 17.45-тен 22.00-ге ауыстырылды;
Scat авиакомпаниясының «Алматы – Санья» рейсі ұшақтың кеш келуіне байланысты сағат 21.00-ден 17 шілде сағат 02.00-ге ауыстырылды.


Авторы Данияр Дәуітәлиев

Соңғы жаңалықтар