
2016 жылғы 25 наурыз 09:58
Алматы әуежайында әуе рейстері кешігіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында әуе рейстері кешігіп жатыр. Бұл туралы онлайн-таблода көрсетілген.
Атап айтқанда, Алматыға Астанадан (3), Стамбұл, Бангкоктен келуі тиіс рейстер ұшпайтын болды. Сондай-ақ, Ницца, Гонконг қалаларынан келетін рейстер бөгеліп жатыр.
Ал, Алматыдан Астанаға (2), Хошиминге, Лондонға, Стамбұлға ұшуы тиіс рейстер кейінге шегерілді.
Қалада қазір жаңбыр сіркіреп, тұман басып тұр. Ауа температурасы +9 градус.
Әуежай басшылығы ұшақтардың кешігу себебін әлі түсіндірген жоқ.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP