Алматы әуежайында әуе рейстері кешігіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық əуежайында ауа райының қолайсыздығынан 13 əуе рейсі кешіктірілді. Бұл туралы əуежайдың онлайн-таблосында көрсетілген.

Атап айтқанда, Қарағанды, Ақтау, Астана қалаларына ұшатын рейстер метеоахуалдың қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр. Сондай-ақ, Алматыға Үрімжі, Бейжің, Ташкент қалаcынан келетін рейстер бөгелді. Франкфурттан келетін рейс келмейтін болды. Астанадан (3), Қостанай, Семей, Ақтау, Тараз қалаларынан келетін ұшақтардың ұшу кестесі бұзылды. Қаланың әуежай орналасқан төменгі бөлігінде ауа температурасы +2 градус болды.

Соңғы жаңалықтар