13:21, 15 Қаңтар 2018 | GMT +6
Алматы әуежайында 4 әуе компаниясының рейстері кешіктірілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен тәулікте Халықаралық Алматы әуежайында 4 әуе компаниясының 9 рейсі кешігіп ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, Air Astana әуекомпаниясының:
KC953 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі)
KC995 Алматы-Астана (Бортсеріктің қателігі)
KC875 Алматы-Мәскеу (Ұшақтың кешігіп келуі)
KC887 Алматы-Пекин (Ұшақтың кешігіп келуі)
Scat әуекомпаниясының:
DV729 Алматы-Қостанай (Ұшақтың ауыстырылуы техникалық себеппен емес)
DV706 Алматы-Шымкент (Жоспарланған резервтік ұшақтың жетіспеушілігі)
Qazaq Air әуекомпаниясының:
IQ355 Алматы-Астана-Ақтөбе (Ұшақтың кешігіп келуі)
IQ383 Алматы-Тараз (Ұшақтың кешігіп келуі)
Air Arabia әуекомпаниясының:
G9254 Алматы-Шарджа (Ұшақтың кешігіп келуі)
Қазіргі уақытта Алматы Халықаралык әуежайындағы сатылас көрініс 110 м, деңгейлес көрініс 2700м болып тұр.
Әуе кемелерін қабылдауға және ұшыруға шектеу жоқ.