Алматы әуежайында 3,5 мың жолаушы тыйым салынған зат алып өтпек болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында жыл басынан бері 3,5 мың жолаушы тыйым салынған зат алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл мәлімет Алматы халықаралық әуежайының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

«Алғашқы жартыжылдықта әуежайдың әуе қауіпсіздігі қызметі құрамы түсініксіз немесе тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 3519 адамды тоқтатты.

Құқық қорғау органдарына 115 материал берілді.

«Жолаушылардың қол жүгінен қару, 2 суық қару, 114 оқ-дәрі табылды», - деді әуежайдың баспасөз қызметінен.

Ал әуежай арқылы ресми түрде 2233 қару өткен.

Көп жолаушылар аңшылық құралдарын алып өту ережесін білмейді.

«Жолаушылар рұқсат берілген қарудың кез келген түрін кез келген көлемде алып өте алады. Бұл қаруға 5 келі оқ-дәрі алып өтуге рұқсат берілген. Алайда ол үшін жолаушыда аңшылық билеті, қаруды тасымалдауға, ұстауға рұқсат қағазы болуы шарт. Рейске тіркеуге баратын кезде бұл құжаттар көрсетіледі. Ұшу кезінде қару мен оқ-дәрі арнайы контейнермен тасымалданады. Ұшып келген соң ғана жолаушының қолына беріледі», - деді әуежайдың баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар