Алматы әуежайында 11 рейс бөгелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында өткен тәулікте 11 рейс бөгелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, көбінесе кідірістің себебі өткен тәуліктердегі кестенің жаңылуынан болып отыр.

Шымкентке шығатын рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшпады. Атап айтқанда, Аir Astana әуе компаниясының: KC671 Алматы-Астана рейсінде ұшақтың кешігіп келуіне байланысты, KC971 Алматы-Шымкент рейсінде ауа райына байланысты, KC141 Алматы-Тбилиси рейсінде ұшақтың алмастырылуы себепті, КC127 Алматы-Ташкент рейсімен ұшақтың кешігуіне байланысты, KC953 Алматы-Астана рейсімен ұшақтардың жетіспеушілігіне байланысты, KC995 Алматы-Астана рейсімен ұшақтың кешігіп келуіне байланысты мәселе туындады.

Сондай-ақ Scat әуе компаниясының: DV781 Алматы- Қарағанды рейсінде ұшақтың кешігіп келуіне байланысты, DV725 Алматы- Өскемен рейсінде ұшақтардың жетіспеушілігіне қатысты, DV729 Алматы-Қостанай және DV733 Алматы-Астана рейстерінде ұшақтың кешігіп келуіне байланысты, сондай-ақ DV706 Алматы-Шымкент рейсінде ұшақтардың жетіспеушілігіне қатысты қиындықтар туындады.

«Қазіргі таңда Алматы халықаралық әуежайында тігінен 3200 м, көлденеңінен 1700 м қашықтық көрініп тұр. Ұшақтарды қабылдау мен шығаруға шектеу жоқ», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар