Алматы әуежайынан жарылғыш зат табылмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайынан жарылғыш зат табылмады. Бұл туралы әуежай жанындағы Желілік полиция басқармасының кезекші бөлімінде хабарлады.

«Хабарлама жалған болып шықты. Жарылғыш зат табылған жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс жасап жатыр», - деді кезекші бөлімде.

«Рейстердің қозғалысы қайта қалпына келтірілді. Қазір ұшақтар келіп жатыр», - деді анықтама бөлімінен.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түстен кейін 102 нөміріне Алматы әуежайында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар