Алматы әуежайына ұшақтың апатты жағдайда қонғаны жөнінде «Эйр Астана» түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Бейжің бағытындағы «Эйр Астана» компаниясының Airbus A320 ұшағы кеше түнде Алматы әуесінде 2,5 сағат бойы қалықтап жүріп, апатты жағдайда қонды. Ұшақтың үш гидрожүйесінің бірі істен шыққан.

«Эйр Астана» компаниясы аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді. Компанияның қоғаммен байланыс менеджері Тілек Әбдірахимовтың айтуынша, ұшақ түнгі сағат 22.10-да әуежайдан көтерілген.

«Әуеге көтерілген соң ұшақтың үш гидрожүйесінің бірі істен шыққаны жөнінде дабыл қағылды. Әуе көлігінің командирі ұшақты әуежайға қайта қондыру керек деп шешті. Ұшақтың жылдамдығы мен қону салмағын азайту үшін экипаж түнгі 00.24-те ұшақты штаттық режімде Алматы әуежайын қондырды. Әуе компаниясының инженерлік қызметі істен шыққан сусорғышты ауыстырды. Күндізгі сағат 09:35-те ұшақ қайта пайдалануға берілді», - деді Тілек Әбдірахимов.

Жолаушылар Бейжіңге бағытталған келесі ұшаққа отырғызылып, түнгі сағат 02:00-де ұшып кетті.

Соңғы жаңалықтар