Алматы әуежайын кеңейтуге 270 млрд теңге жұмсалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әуежайдағы терминалды кеңейтуге 270 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Almaty Invest Forum форумында Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев «TAV Airports Holding» және «VPE Capital» халықаралық компанияларымен меморандумға қол қойды.

Келісімшарт құны 700 млн доллар, яғни 270 млрд теңгеден асады.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Almaty Invest Forum форумы кезінде 31 келісімшарт жасалды.

Соңғы жаңалықтар