Алматы әуежайы жүктердің жоғалуына қатысты түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайы жолаушылардың жүктерінің жоғалуына қатысты наразылығына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мәселе жөнінде әуежай басшылығы өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында жариялады.

Бұған дейін азаматтар Алматы әуежайының жүк қабылдау терминалындағы кептеліс туралы жазған болатын.

Жолаушылардың айтуынша, Түрікменстаннан келген жүктердің көптігінен жүк терминалында басқа рейс жолаушылары өз жүктерін уақытында ала алмаған.

Әуежайдың хабарлауынша, Turkmenistan Airlines - Türkmen Howa Ýollary Алматыдан 3 рейс ұшырады екен.

«Түрікменстаннан келетін рейстерде үнемі жүк бойынша проблема болады. Ашхабад әуежайында үнемі жүк толық көлемде тиелмейді. Уақытында жетпеген жүкті әуе компаниясы ұзақ уақыттан соң қайта салып жібереді. Turkmenistan Airlines жолаушыларынан қаңтарда жүк жоғалғаны туралы - 93, ақпанда - 293, наурызда 118 шағым түскен. Одан бөлек Ашхабад рейстерінде бір адамға 32 келі болатын шектеулі салмақтан асып кететін жүктер өте көп тіркеледі. Сәйкесінше, әуежайда оларға авиациялық хаттама толтырылады. Алматы халықаралық әуежайы оларға үнемі ескерту жасайды. Бірақ, Turkmenistan Airlines - Türkmen Howa Ýollary Алматыдағы өкілдігі әлі бір рет ескертуді ескерген емес», - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар