Алматы әуежайы пандемия кезінде табысының үштен екісінен айырылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда әуежайдың терминалы кеңейді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ аға вице-президенті Зитцерс Симонс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінде Алматы постпандемия кезеңінде. Тіршіліктің барлық саласы, соның ішінде авиация саласы белсенді түрде қалпына келіп жатыр, рейстер қайта жанданып, жаңа бағыттар ашылуда.

«Біз болашақта әуе көлігіне сұраныстың арта түсетінін көріп отырмыз. Алматы халықаралық әуежайы - Қазақстанның негізгі әуе қақпасы саналады. Қазіргі кезеңде біз өсіп келе жатқан жолаушылар ағынын жеңуге көмектесетін жаңа терминал салу қажеттігін көріп отырмыз», - деп атап өтті спикер.

Зитцерс Симонс авиация ұзақмерзімді жоспарлауды қажет етеді деп санайды.

«Біз қазіргі терминалды мүмкіндігінше жақсартуға тырысамыз. Осыдан бір ай бұрын ішкі терминалдың алтыншы отырғызу секторында жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ауданы бұрын 177 шаршы метр болса, қазір - 850. Екі шығаберістің орнына қазір төртеуі бар. Залдар кеңейді», - деп түйіндеді Зитцерс Симонс.



Соңғы жаңалықтар