Алматы әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау күшейтіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшинмен және қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевпен бірге Алматы халықаралық әуежайы мен қала вокзалдарының аумағындағы санитарлық эпидемиологиялық қызметтердің жұмысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру барысында мегаполис аумағына инфекция таралу жағдайларының алгоритміне және болдырмаудың алдын алу жөніндегі сақтық шараларына баса назар аударылды.

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің елде «Дельта» (үнді) штамының айналымына қатысты тапсырмасын ескере отырып, жерүсті қызметтердің коронавирус инфекцияның таралуына қарсы дайындығы, ұшу аумағында инфекция симтомдарын анықтайтын жолаушылар үшін жекелеген инфекциялық бокстардың жұмысы тексерілді.

Әуежайға кіре берістегі Ashyq қосымшасы арқылы тестілеуге де назар аударылды.

Күзет қызметіне орта есеппен әуежайға кіре берісте «қызыл» мәртебеге ие екі-үш жолаушы тіркелгені туралы хабардар етілді — инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бұл адамдарға жедел шаралар қабылдануда.

Әуежай базасында аэропорт бөлімшелері басшылығы мен өкілдерінің қатысуымен коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың көшпелі отырысы өтті.

Эпидемиологтардың айтуынша, «Дельта» штамы анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы.

Орташа алғанда, бір адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы басқа штамдардан - 3-4 адам.

Штаммның инкубация кезеңі - жеті күн. Ғалымдардың зерттеулері коронавирустың үнді штамында ауруханаға жатқызу мен өлім-жітім ықтималдығы жоғары екенін айтты.

Жандарбек Бекшин үнді штамының симптомдары үйреншікті штаммдардан өзгеше екенін атап өтті.

«Мысалы иіс сезу болмауы мүмкін. Алайда, аурудың белгілері байқалған кезде дереу дәрігерді шақыруыңыз керек, өйткені жаңа штамм қауіпті. Осыған байланысты қала тұрғындары өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек»,- деді ол.

Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров санитарлық-эпидемиологиялық қорғаудың барлық шараларын күшейтуді, оның ішінде әуежай қызметкерлерін вакциналауға шақырды.

Сондай-ақ әуежайды дезинфекциялау жұмыстары жалғасады.

Айта кетсек, Алматы эпидемиологтары қауіпті «Дельта» штаммынан туындауы мүмкін коронавирус инфекциясының жаңа толқынын жоққа шығармайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 20 маусымға дейін SARS-CoV-2 «Дельта» штамы әлемнің 74 елінде анықталған.


Соңғы жаңалықтар