Алматы әуежайы мен метросында жолаушыларды менингиттен сақтандыру шаралары жасалған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы медицина қызметінің басшысы Сағадат Нұриманов менингококк жұқпасының таралуына байланысты сақтық шаралары жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қызметкерлері күндіз-түні әуежайда жүр. Жолаушылардан ауру белгілері байқалса, біз дереу шара қолданамыз. Бүгін әуежайда жолаушы бала құсып, майлы тамақтан жүрегі айнығанын анықтадық. Медициналық пунктер жұмыс істеп тұр», - деді Сағадат Нұриманов.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі вагондардың зарарсыздандырылып жатқанын айтты.

«Метрополитеннің жылжымалы құрамының салондарында зарарсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Барлық станцияларда медпункт жұмыс істеп түр. Онда дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектер мен жақпа майлардың, бір рет пайдаланатын бетперделердің қоры бар. Ауысымдағы қызметкерлердің дене қызуын қадағалынып отыр», - деді метрополитен баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар